Астанада полиция автокөлігі жол апатына ұшырады

Астанада полиция автокөлігі жол апатына ұшырады © Тимур Асылханов

Астанада полиция көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz куәгерге сілтеме жасап.

Facebook желісінің қолданушысы Тимур Асылханов патрульдік көлікпен жол талғамайтын көліктің соғысқан жерінен өзінің жеке парақшасына суреттер жүктеген.

Жарнама
Жарнама

"Бүгін кептелісте тұрмас үшін үйден ертерек шыққанмын, ал мына жақта мұндай жағдай. Еңбекшілер көшесінде асықпаңыздар, абай болыңыздар", - деп жазады автор суреттердің сипаттамасына.

Куәгерлердің айтуынша, жол талғамайтын көліктің соғысу салдарынан дөңгелегі шығып кеткен. Шетелдік көлікті қыз басқарғаны анықталды.


© Тимур Асылханов 

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама