Астанада полиция қызметкері алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Дина Шарипханова Корреспондент
Астанада полиция қызметкері алаяқтық жасады деген күдікке ілінді Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астана әуежайындағы желілік полиция басқармасының бұрынғы басшысы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Соталды тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана әуежайындағы желілік полиция басқармасының бұрынғы басшысы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Соталды тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көліктегі полиция басқармасының баспасөз қызметі мәліметінше, қазір күдікті қамауда.

"Көліктегі полиция басқармасының ішкі қауіпсіздік басқармасы Астана әуежайындағы желілік полиция басқармасының бұрынғы бастығына қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

11 қазанда Астана қаласының мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама