Астанада қар тазалап жүрген адамды қағып кеткен көлік іздестіріп жатыр

видеодан үзінді

Астана полицейлері ?леуметтік желіде пайда бол?ан видео?а байланысты пікір білдірді, онда Volkswagen Golf к?лігін ж?ргізіп келе жат?ан ж?ргізуші ?ар тазалап ж?рген адамды ?а?ып, о?и?а орнынан кетіп ?ал?ан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана ?алалы? ІІД-ні? басшысы Софья ?ылышбекованы? айтуынша, осы дерек бойынша полиция?а ешкім арыз ?алдырма?ан, алайда тергеу шаралары ж?ргізіледі. 

Астана полицейлері әлеуметтік желіде пайда болған видеоға байланысты пікір білдірді, онда Volkswagen Golf көлігін жүргізіп келе жатқан жүргізуші қар тазалап жүрген адамды қағып, оқиға орнынан кетіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана қалалық ІІД-нің басшысы Софья Қылышбекованың айтуынша, осы дерек бойынша полицияға ешкім арыз қалдырмаған, алайда тергеу шаралары жүргізіледі. 

Оқиға 27 қаңтарда Майлин көшесінің (Жұмабаев және Абылайхан аралығында) бойында болған. Бейнебақылау камераларына жол шетінде ер адамның қар тазалап жүргені және жолда көліктердің көп еместігі түсірілген. 18.45-те автомобиль орташа жылдамдықпен қозғалып келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып кеткеді. Видеода көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін анықтау қиын.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама