Астанада "Қазмедиа Орталығынан" өрт шықты

© Tengrinews.kz

Астанада "Қазмедиа орталығынан" өрт шықты, ғимараттағы қызметкерлер эвакуацияланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Адамдар жаппай орналасқан үлкен ғимаратта өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт көлемі үлкен емес", - делінген ТЖД баспасөз хабарламасында. Куәгерлердің айтуынша, өрт ғимараттың 17-ші қабатынан шыққан.

"Аэрозоль іске қосылды. Содан түтін эффектісі пайда болды. Қазіргі уақытта аэрозольдің неліктен іске қосылғаны анықталып жатыр. Аэрозоль 12-20 қабаттар аралығында іске қосылды. Ғимаратта әкімшілік пен өртсөндірушілерден басқа ешкім жоқ. Зардап шеккендер жоқ", - деді №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің басшысы Әлібек Жарбақов.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 2013 жылы да елордалық медиа орталықта өрт шыққан болатын. Ол кезде өртенген аумақ 200 шаршы метр болды. 800 адам эвакуацияланды.

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама