Астанада қоғамдық көлікке арналған жолда байкер Air Astana көлігіне соғысты

видеодан үзінді

Астанада ?о?амды? к?лікке арнал?ан жолда мотоциклші жол-к?лік о?и?асына тап болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. Жол апаты кезінде т?сірілген видеоны ку?гер редакция?а жіберді. 

Астанада қоғамдық көлікке арналған жолда мотоциклші жол-көлік оқиғасына тап болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жол апаты кезінде түсірілген видеоны куәгер редакцияға жіберді. 

Видеода Air Astana логотипі бар минивэн Абай даңғылының бойымен келе жатып, солға бұрылмақшы болады. Осы кезде автобусқа арналған жолмен келе жатқан мотоциклші автомобильге соғысқан. 


Куәгер видеосы

Реклама
Реклама

"Полицейлер 23 шілдеде Абай даңғылының бойында шамамен сағат кешкі 19:00-де болған жол апаты дерегіне қатысты тексеру жүргізіп жатыр. 1987 жылғы мотоциклші қоғамдық көлікке арналған қарсы бағыттағы жолмен келе жатып, Toyota минивэніне соғысқан", - деді ІІД өкілдері.

Мотоциклші әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға түскен. 

Куәгердің айтуынша, соғысу кезінде мотоцикл ағашқа ұрылған. Мотоциклдің кейбір бөлшектері шашылып кеткен. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама