Астанада қонақүй өртенді

Астанада ?она??йлерді? бірінде ?рт шы?ты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Б?л м?ліметті Астана ?аласыны? Т?тенше жа?дайлар ж?ніндегі департаментіні? баспас?з ?ызметі растады.

Астанада қонақүйлердің бірінде өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті Астана қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі растады.

"Сағат 15.20-да Республика даңғылы №54 үйде орналасқан "Реал" қонақүйінің ғимаратында өрт шыққаны жайлы хабарлама келді. Өрттің қонақүйдің 6-қабатында шыққаны белгілі болды", - деп хабарлады ТЖД өкілдері.

Реклама
Реклама

Құтқарушылардың жедел түрде өртті сөндіруге кіріскені айтылады. Өрт 17 минуттан соң сөндірілді.

"Өрттің аумағы 15 шаршы метрді қамтыды. Оқиға орнында 6 дана техника мен жеке құрамның 33 қызметкері жұмыс істеді. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр", - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама