Астанада қоқыс жинайтын көлік баланы қағып өлтірді

Астанада қоқыс жинайтын көлік баланы қағып өлтірді © bezmusor.ru

Астанада биыл жазда баланы ?а?ып ?лтірген ?о?ыс жинайтын к?лікті? ж?ргізушісіне ?атысты сот ?кімі шы?ты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ?алалы? сотыны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Астанада биыл жазда баланы қағып өлтірген қоқыс жинайтын көліктің жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс материалдарына қарағанда, 2017 жылдың шілдесінде қоқыс жинайтын көліктің жүргізушісі "Камазбен" тұрғын үйдің ауласында өтіп бара жатып, велосипедпен келе жатқан кәмелетке толмаған баланы қағып кеткен. Бала алған жарақаттарынан жедел жәрдем көлігінде көз жұмған.

"Астаның Алматы аудандық №2 сотының шешімен көлік жүргізушісі ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, 2 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ", - деді Астана қалалық сотының баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама