ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 28 тамыз 2015 16:52
Астанада ҚТЖ ғимараты өртеніп жатыр
Астанада ҚТЖ ғимараты өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қонаев көшесінде орналасқан ғимараттың өртеніп жатқаны туралы хабарлама кезекші пультіне 16.18-де келіп түсті.
"Қазіргі уақытта өртті ауыздықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр, сонымен қатар адамдар эвакуацияланып жатыр. 15 техника жұмылдырылды. Болжам бойынша, ғимараттың жетінші қабатындағы қаптама өртеніп жатыр", - деп жазылған ТЖД хабарламасында.
© Tengrinews.kz
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу