Астанада сауда желісінен 500 миллион теңгеге жуық ақшаны ұрлау схемасы әшкереленді

видео кадры

Астана Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратураның көмегімен ірі сауда желілерінің біріне тиесілі тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлау схемасын жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қылмыстық топ сауда желісінің бұрынғы қызметкерлерімен келісе отырып, электрондық сату жүйесіне заңсыз кіру мүмкіндігін пайдаланып, екі жыл ішінде жалпы сомасы 450 миллион теңгеден астам тауарды ұрлаған. Қылмыстық жолмен алынған техника елеміздің бірнеше қалаларында сатылған.

"20-дан астам тінту іс-шаралары өткізілді, 120-дан астам түрлі техника, оның ішінде белгілі өндірушілердің ондаған ұялы телефондары, ірі көлемде ақша, травматикалық тапаншалар және әртүрлі калибрлі патрондар тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аса ірі мөлшердегі ұрлық және алаяқтық деректері бойынша жүргізіліп жатыр", - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама