17 шілде 2024 08:24

Астанада сауда орталығы өртенді

видео кадры

Астанада "Ажар" сауда орталығы өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада "Ажар" сауда орталығы өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.

Астана ТЖД күштері мен құралдары жеткен кезде, Байқоныр ауданында орналасқан 2 қабатты "Ажар" сауда үйінің 3 сауда бутигінің жанып жатқаны анықталды.

"Жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылды. Барлығы 4 жауынгерлік учаске жұмыс жасап жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Өрт болған кезде ішінде адамдар болған жоқ", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Өрт алдын ала 80 шаршы метр алаңда оқшауланғаны айтылды.

"Өрт толығымен нақтыланған ақпарат бойынша, 60 шаршы метр алаңда жойылды. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.

Өрттің себебі анықталып жатыр. Өртті жоюға ТЖМ күштер мен құралдарының жеке құрамынан 65 адам мен 14 техникасы жұмылдырылған. Оқиға орнында анықтаушылар жұмыс істеп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram