17 сәуір 2024 17:55

Астанада сегізінші сынып оқушысы мектеп терезесінен секіріп кеткен

Фото:depositphotos.com

Астанада сегізінші сынып оқушысы мектептің 4-қабатындағы терезеден секіріп кетті. Ақпаратты елорданың Білім басқармасы растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада сегізінші сынып оқушысы мектептің 4-қабатындағы терезеден секіріп кетті. Ақпаратты елорданың Білім басқармасы растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 17 сәуірде №72 мектеп-лицейдің 8-сынып оқушысы мектептің 4-қабатындағы терезеден секіріп кеткен. Оқиға орнына дереу жедел жәрдем шақырылған. Бала қазір ауруханада.

"Жәбірленушінің миы шайқалған, кеуде қуысы мен іші жарақаттанған, оң жақ білек және оң жақ мықын сүйектері сынған. Жалпы жағдайы ауыр (алынған жарақаттарға байланысты), тұрақты. Оның жағдайы дәрігерлердің бақылауында", - деп хабарлады ведомство.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта тиісті органдар оқиғаның себептерін анықтап жатыр. Полиция департаменті бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram