Астанада тағы бір босанған әйел қайтыс болды

© grifoninfo.ru

Астанада №1 перинаталды? орталы?та та?ы бір босан?ан ?йел ?айтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Б?л туралы ?о?амды? денсаулы? са?тау бас?армасыны? басшысы Камалжан Надыров айтты.

Астанада №1 перинаталдық орталықта тағы бір босанған әйел қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров айтты.

"№1 перинаталдық орталықта үшінші өлім тіркелді", - деп хабарлады Камалжан Надыров.

Қайғылы жағдай кеше, 2 шілдеде сағат 18.25-те болған.

Реклама
Реклама

"Үшінші өлім әйел адамның жүктілігі кезіндегі қан кетумен байланысты. Әйел ауруханаға түскенде одан қан кетіп жатты. Кесарев тілігі арқылы босанды. Бала аман-есен", - деді 1 перинаталдық орталықтың бас дәрігерінің орынбасары Ербол Әубәкіров.

Еске сала кетейік, осыған дейін Астананың № 1 перинаталдық орталығында босанған екі әйелдің қайтыс болғаны жайлы хабарланған болатын. "Екі әйел қайтыс болды. Біріншісі - 1983 жылғы келіншек 21 маусымда таңғы сағат 5-терде қайтыс болды. Ол өзі босанды. Екіншісі 31 жастағы келіншек 25 маусымда сағат 04.03-те қайтыс болды. Ол кесарев тілігімен босанды. Екеуінде де соматикалық аурулар тіркелді", - деп хабарлаған еді ауруханадағылар.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама