ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 26 қазан 2024 10:15
Астанада техникалық қызмет көрсету орталығы өртеніп, бір көлік жанып кетті
Астанада көлік жөндеу орнында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Astana TV мәліметіне сілтеме жасап.
Астанада көлік жөндеу орнында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Astana TV мәліметіне сілтеме жасап.
Техникалық қызмет көрсету орталығы төрт қабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан. Ол жерде көліктерді бояу цехы орналасқан. Жоғарғы қабаттардан 30-ға жуық адам өз күшімен сыртқа шыққан. Өрт орнында тұрғындарға арналған жылу орталығы орнатылды.
Өрт салдарынан 1 жолаушылар көлігі жанып, 9 автокөлік жалын әсерінен зардап шеккен. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
20 шаршы метр аумақтағы өрт сөндірілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу