Астанада тоннель қабырғасына соғылған автобус ісіне қатысты тергеу басталды

© Facebook.com/Данияр Мұқатов

Астанада жерасты тоннеліне соғылған жолаушылар автобусына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазір тексеру жүріп жатыр. "Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 345-бабы "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша басталды. Медициналық куәландыру қорытындылары бойынша, жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізуші мас болмаған. Оның тоннельге қандай себеппен соғылғанын тергеу анықтайды", - деді елордалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, жол-көлік оқиғасы Бараев көшесімен Республика даңғылына апаратын жерасты тоннелінде 18 қазанда шамамен 14.20-да болған. Полицейдің айтуынша, автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалған. Зардап шеккен үш адам ауруханаға жеткізілді.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама