ПОДЕЛИТЬСЯ
10 ақпан 2019 | 13:45
Астанада төрт бала иіс тиіп, ауруханаға түсті
Астанада 2006, 2009, 2012 және 2013 жылы дүниеге келген бір отбасының төрт баласы газдан уланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Астанада 2006, 2009, 2012 және 2013 жылы дүниеге келген бір отбасының төрт баласы газдан уланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт екі қабатты жатақханадан шыққан. 10 шаршы метр аумақтағы үй жабдықтары мен жиһаз жанған. 10 адам эвакуацияланды және 1 бала құтқарылды.
"9 ақпанда сағат 21.12-де Астана қаласы ТЖД "101" пультіне Байқоңыр ауданындағы Ойыл көшесіндегі екі қабатты жатақханада өрт болып жатқаны туралы хабар келді. Өрт 21.52-де оқшауланып, 22.16-да сөндірілді. Оған 15 өрт сөндіру қызметкері мен 4 арнайы техника жұмылдырылды. Тұншықтырғыш газбен уланған 2006, 2009, 2012 және 2013 жылы туған бір отбасының төрт баласы ауруханаға жеткізілді",-деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіндегілер.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрт электр сымдарының тұйықталуынан болған.
Мұның алдында, Түркістан облысында бір отбасы иіс тиіп қаза тапқан.
Показать комментарии
Читайте также