Астанада түнде мектеп өртенді

Астанада түнде мектеп өртенді Куәгер жіберген сурет

Астананың Алматы ауданында түнгі уақытта № 29 мектеп өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ-нің Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Ведомствоның ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, өрт туралы хабар диспетчер пультіне сағат 1.12-де түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру қызметі өрттің жайылуын 2.17-де тоқтатып, 3.14-те толығымен сөндірген. 

"Өрт екінші қабаттағы акт залынан шыққан. Ғимараттың төбесі мен шатыры өртенген. Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің аумағы 500 шаршы метрді құрайды. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ", - деп атап өтті Иманқұлов.

Реклама
Реклама

Өртті сөндіруге Астана қаласының өрт сөндіру қызметіндегі жеке құрамның 59 адамы жұмылдырылған. Қызметкерлер 16 арнайы техниканы іске қосқан. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама