Астанада түнгі сағат үште мектепке барған оқушының ата-анасы жазаланды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Астанада түнгі сағат үште мектепке барған оқушының ата-анасы жазаланды Видеодан алынған кадр

Астанада түнгі сағат үште мектепке барған оқушының ата-анасы жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада түнгі сағат үште мектепке барған оқушының ата-анасы жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түнде астаналықтар мектеп маңында тұрған қызды байқап, полицияға хабарласқан. Полиция мәліметінше, оқушы оянғанда, үйдегі сағатта уақыт таңғы 07.00-ді көрсеткен. Осылайша, ол дайындалып, мектепке кеткен.

Жарнама
Жарнама

"3 ақпанда сағат 3.26-да "102" арнасына Конституция көшесіндегі мектеп маңында кішкентай қыз тұрғаны туралы ақпарат түсті. Тексеру барысында полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған оқушының түнгі сағат 03.00-де оянып, киініп, мектепке барғанын анықтады. Өйткені үй сағатындағы уақыт таңғы 07.00-ді көрсеткен", - деді елордалық ПД өкілі.

Сондай-ақ, ведомство өкілі ата-анасы бұл туралы полицейлерден білгенін айтты. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама