Астанада жедел жәрдем фельдшері қайтыс болды. Ол тұрғын үйдің қасбеті мен кондиционер құлаған кезде зардап шеккен еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Фельдшер Ұлдана Мырзуан 18 қарашада қайтыс болды.
"Өзінің кәсіби міндетін орындау кезінде ауыр жарақат алған фельдшер қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз. Ол тұрғын үй кешенінің сыртқы кірпіш қаптамасының бір бөлігі құлаған кезде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсете отырып, өзі де ауыр жарақат алып, өте ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұл жайт 8 қарашада болды. Бұған дейін оқиға салдарынан зардап шеккендер бар екені хабарланды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!