Астанада тұрғын үй кешенінің тұрағында автомобиль өртеніп кетті

Куәгерлер суреті

Астанада к?п?абатты т?р?ын ?й кешеніні? ауласында автомобиль ?ртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Астанада көпқабатты тұрғын үй кешенінің ауласында автомобиль өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Куәгерлердің айтуынша, бүгін таңғы сағат 08:40-та Астанада Мүсірепов көшесінің бойында орналасқан үйлердің бірінің тұрағында автокөлік түгелдей өртеніп кеткен.  


Куәгерлер жіберген видео

Реклама
Реклама

"Сағат 08:42-де хабар түсті. Үйдің ауласында ақ түсті Volkswagen Passat өртенген. Өрт сөндірушілер екі минутта оқиға орнына жетіп, 08:52-де өртті сөндірген. Көлік шамамен 7-10 минут өртенді, сол себепті де толығымен жанып кеткен. Жарылыс болған жоқ, зардап шеккендер жоқ", - деді Астана ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Өртті сөндіруге тоғыз адам мен екі арнайы техника жұмылдырылған. 

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама