ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 03 қазан 2015 18:00
Астанада тұрғын үйден опырылып түскен плитка көлікке қадалды
Астанада тұрғын үйден опырылып түскен плитка көлікке қадалды, - деп хабарлайды TengrinewsTV.
Керамикалық плитканың автокөлік капотына қадалып тұрғаны түсірілген видеоны редакцияға куәгерлер жолдады. Видеоға қалдырылған пікірлерге сенсек, плитка тоғызыншы қабаттан құлапты. Оқиға Сауран көшесіндегі 9-үйде болған.
Айта кетейік, видео авторының айтуынша, бұл үй мемлекеттік бағдарламамен тұрғызылған. Тұрғындар балалардың қауіпсіздігі үшін алаңдап отыр.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу