ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 10 қыркүйек 2017 12:58
Астанада үш автомобиль өртеніп кетті
Астанада к?п?абатты ?йді? алдында т?ра?та т?р?ан ?ш к?лік ?ртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ?рт туралы м?ліметті ?Р ІІМ ТЖК ресми ?кілі Руслан Иман??лов растады.
Астанада көпқабатты үйдің алдында тұрақта тұрған үш көлік өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өрт туралы мәліметті ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.
Өрт 10 қыркүйекте таңғы 8 шамасында болған. Рысқұлбеков көшесінің бойында ВАЗ 2114, Nissan Almera маркалы көліктер толығымен өртеніп кетті, ал Kia Picanto көлігінің бір бөлігі зардап шекті.
"Өрттің таралуы 08:10-да тоқтатылды, ал 08:12-де толығымен сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіруге 10 адам мен екі арнайы техника жұмылдырылды", - деді Иманқұлов.
Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу