Астанада үш жасар бала алтыншы қабаттың терезесінен құлап кетті

Астанада үш жасар бала алтыншы қабаттың терезесінен құлап кетті

Астанада үш жасар бала алтыншы қабаттың терезесінен құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы мәліметті ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады. 

Оқиғаның 27 шілдеде сағат кешкі 18.00 шамасында "Сарыарқа" ауданындағы Күмісбеков көшесінде орналасқан үйде болған.

"Ата-анасының қарауынсыз қалған бала алтыншы қабаттағы үйдің терезесінен құлап кеткен, 2014 жылғы бала қаза тапты", - деп хабарлады ТЖК өкілі.

Жарнама
Жарнама

ТЖК өкілдері жазғы уақытта терезе ашық тұратындығын, сондықтан ата-аналарға балаларына сақ болуы керектігін айтып, ескертіп отыр.

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама