ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қыркүйек 2024 | 09:47
Астанада вандалдар жазаланды
Астанада өзге біреудің мүлкіне зиян келтірген вандалдар жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Астанада өзге біреудің мүлкіне зиян келтірген вандалдар жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 қыркүйекте кешкі сағат 19.00-де 34 жастағы ер адам Жансүгіров көшесі, 12 мекен жайында орналасқан үйдің терезесін сындырып, 36 145 теңге шығын келтірді.
Мұндай жағдай бірнеше күннен кейін Мұхамедханов көшесі, 12 мекен жайында қайталанды. 39 жастағы ер адам пәтердің алдыңғы есігін әдейі бұзған.
"Тәртіп бұзған екі адам да әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Астанада "Тоқта, вандал" акциясы аясында күндізгі және түнгі рейдтер, сондай-ақ, тұрғындар арасында қоғамдық тәртіпті сақтаудың және қала мүлкіне ұқыпты қараудың маңызын түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жыл басынан бері сот 250 адамды бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені, жалпыға ортақ аумақтарды ластағаны, ғимараттар мен тұрғын үйлерді бүлдіргені үшін жазалады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также