Астанада вокзал маңында жарылыс болды: жаңа мәлімет

видео кадры

Көліктегі полиция департаменті 14 ақпанға қараған түні Астанадағы ескі вокзал аймағында болған күшті жарылыс туралы мәліметтерді берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көліктегі полиция департаменті 14 ақпанға қараған түні Астанадағы ескі вокзал аймағында болған күшті жарылыс туралы мәліметтерді берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

14 ақпанға қараған түні Астанадағы ескі вокзал ауданында қатты жарылыс болды. Әлеуметтік желідегі куәгерлердің айтуынша, жарылыс толқынын көрші аудандардың тұрғындары да сезген. Кейбір жерлерде терезелер сынған.

Реклама
Реклама

Ведомство мәліметінше, сағат 00:25-те Астана станциясының сұрыптау паркінің 12-жолында пойызбен келген контейнер жарылған. Қаза тапқандар жоқ. Бір адам қолынан жеңіл жарақат алған. Жолаушылар мен жақын маңдағы тұрғындарға қауіп жоқ.

"Бұл факт бойынша көлік полициясы департаменті "Теміржол көлігі қозғалысы немесе пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиға орнына дереу департамент басшылығы барды. Арнайы жедел топ құрылып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға кірісті", – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама