Астанада жаңа құрылыстан өрт шықты

Видео скриншоты

Астанада жаңа құрылыстан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордадағы ТЖД мәліметінше, өрт туралы хабарлама таңғы сағат 7.46-да келіп түскен. Оқиға болған жерге екі техника мен өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 16 адам жұмылдырылды.

Өрттің Хусейн бен Талал көшесіндегі көпқабатты үйдің балконынан шыққаны белгілі болды. Жалын 6 шаршы метр жерді шарпыған. Өрт сағат 8.16-да сөндірілді. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Реклама
Реклама


© Дархан Жаналинов. Ескерту! Видеода бейпіл сөздер айтылады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама