Астанада жаңадан салынып жатқан медресе құрылысында өрт шықты

Астанада салынып жат?ан медресе м?нарасыны? жылу ?стау?а арнал?ан материалдары ?ртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ТЖД баспас?з ?ызметі б?л а?паратты растады. 

Астанада салынып жатқан медресе мұнарасының жылу ұстауға арналған материалдары өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ТЖД баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады. 

"18 ақпан сағат 15:35-те "101" пультіне Оңтүстік-Шығыс ықшамауданында (оң бетінде) Қарқабат көшесінде өрт шыққаны туралы хабар келді. Астананың Өрт сөндіру қызметінің бөлімшесі оқиға орнына 15:41-де келгенде жаңадан салынып жатқан медресе мұнарасының жалпы аумағы 10 шаршы метр жылу ұстап тұруға арналған материалдары өртенгенін анықтады", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері. 

ТЖД мәліметі бойынша, өртті сөндіруге 10 адам және 2 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 15:58-де ауыздықталып, 16:03-те сөндірілді. 

Реклама
Реклама

"Өрттің шығу себебі: дәнекерлеу жұмыстары кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау", - деп атап өтті департамент өкілдері. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама