Астанада жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккен адамның туыстары іздестіріліп жатыр

Астанада жант?ршігерлік жол апатынан екі адам зардап шекті. Оларды? туыстары немесе таныстары ?леуметтік желі ар?ылы іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада жантүршігерлік жол апатынан екі адам зардап шекті. Олардың туыстары немесе таныстары әлеуметтік желі арқылы іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"BMW маркалы көліктің жүргізушісі Сығашақ көшесі мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысында 26 жастағы жүргізуші "Лада" көлігімен соғысқан, соңғысы Қабанбай батыр даңғылымен Достық көшесіне қарай жүріп бара жатқан. Жол апаты салдарынан 26 жастағы жүргізуші түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті. BMW көлігінде отырған 22 жастағы жолаушы жеңіл жарақатпен ауруханаға жеткізіліп, кейін үйіне жіберілген", - деп хабарлады Астана қалалық ІІД өкілдері.

31 қаңтарда сағат 11.00-де болған оқиға дерегі бойынша полицейлер анықтау шараларын жүргізіп жатыр.

Реклама
Реклама

Ал Facebook қолданушылары зардап шеккен ер адамның туыстарын немесе таныстарын табу үшін хабар таратып жатыр.

"Марат Байғозиев Нұрманұлы. Шамамен 30-да. Қазір ғана апатқа ұшырады. Сығанақ - Қабанбай батыр қиылысы. Есін білмейді. Таныстары мен туыстары болса, 87024411110 нөміріне хабарлассын", - деп жазған қолданушылар.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама