Астанада "Жастар" театрынан өрт шықты

Камила Долаева Журналист
© ҚР ІІМ ТЖК

Ку?герлер Астанада?ы "Жастар" театрынан шы??ан ?ою т?тін туралы м?лімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Куәгерлер Астанадағы "Жастар" театрынан шыққан қою түтін туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Өрт туралы ақпаратты ҚР ІІМ ТЖК-ның ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады. 

"Ғимараттан түтін шығып жатыр деген ақпарат түсті. Бөлімше шақыру нөмірі бойынша оқиға орнына аттанды. Нақты ақпарат кейін хабарланады", - деген ол. 

Реклама
Реклама


©vechastana.kz

Кейін ТЖК-дағылар оқиға орнында 60-қа жуық өрт сөндіруші мен 16 мамандандырылған өрт сөндіру техниканың бар екенін хабарлады. 


© ҚР ІІМ ТЖК

"50 шаршы метр аумақ өртенді. Өртті ауыздықтау жалғасып атыр. Эвакуация жасалынбады. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрт тарап кетпес үшін жедел ауыздықтау шарасы жүріп жатыр", - деп хабарлады Руслан Иманқұлов. 

Құтқарушылардың мәліметі бойынша, өрт Астана уақытымен сағат 17.44-те тұтанған. 

 


© ҚР ІІМ ТЖК

Сағат 18.18-де құтқарушылар өртті сөндірді. Жедел қызметтің мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама