ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 10 қыркүйек 2018 08:52
Астанада "Жастар" театрынан өрт шықты
Ку?герлер Астанада?ы "Жастар" театрынан шы??ан ?ою т?тін туралы м?лімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Куәгерлер Астанадағы "Жастар" театрынан шыққан қою түтін туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өрт туралы ақпаратты ҚР ІІМ ТЖК-ның ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.
"Ғимараттан түтін шығып жатыр деген ақпарат түсті. Бөлімше шақыру нөмірі бойынша оқиға орнына аттанды. Нақты ақпарат кейін хабарланады", - деген ол.
©vechastana.kz
Кейін ТЖК-дағылар оқиға орнында 60-қа жуық өрт сөндіруші мен 16 мамандандырылған өрт сөндіру техниканың бар екенін хабарлады.
© ҚР ІІМ ТЖК
"50 шаршы метр аумақ өртенді. Өртті ауыздықтау жалғасып атыр. Эвакуация жасалынбады. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрт тарап кетпес үшін жедел ауыздықтау шарасы жүріп жатыр", - деп хабарлады Руслан Иманқұлов.
Құтқарушылардың мәліметі бойынша, өрт Астана уақытымен сағат 17.44-те тұтанған.
© ҚР ІІМ ТЖК
Сағат 18.18-де құтқарушылар өртті сөндірді. Жедел қызметтің мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу