Астанада жедел жәрдем көлігі "Газельмен" соғысты

Астанада жедел жәрдем көлігі "Газельмен" соғысты Куәгер суреті

Астанада жедел жәрдем көлігі "газель" жүк көлігімен соғысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай даңғылының бойында болған жол-көлік оқиғасы туралы мәлімет шамамен таңғы 09:30-да түсті.

"Жедел жәрдем жүргізушісі қоғамдық көлікке арналған жолмен Жұбанов көшесіне қарай бара жатқан. Сол жерде ол аулаға кіру үшін солға бұрылып жатқан "Газель" маркалы көлікпен соғысқан", - дейді елордалық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Жарнама
Жарнама

Полициядағылардың айтуынша, осы дерекке қатысты тексеру жүріп жатыр. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ.

Суреттен көргеніміздей, "Газель" маркалы автомобиль нан тасыған, жол апаты салдарынан жүк салатын бөліктен нан шашылған.

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама