Астанада жедел жәрдем көлігі өртеніп кетті

Астанада жедел жәрдем көлігі өртеніп кетті Видеоның скриншоты

Астанада жедел ж?рдем к?лігі ?ртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Б?л туралы Facebook желісінде Гафур Бактугулов деген ?олданушы хабарлады. Б?л м?ліметті ?Р ІІМ ТЖК мен Астана ?аласыны? ішкі істер департаменті растады.

Астанада жедел жәрдем көлігі өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Facebook желісінде Гафур Бактугулов деген қолданушы хабарлады. Бұл мәліметті ҚР ІІМ ТЖК мен Астана қаласының ішкі істер департаменті растады.

Оқиға Тілендиев пен Ақан Сері көшелерінің қиылысында сағат шамамен 20.00-де болған. "Газель" маркалы жедел жәрдем мен Toyota Camry көлігі соғысып қалып, содан өрт шыққан.

Қалалық ІІД мәліметінше, жол-көлік оқиғасының салдарынан ешкім зардап шекпеді. ТЖК өкілдері жолаушылар мен жүргізушілердің көліктен өздері шығып үлгергенін айтты. Оқиға орнында қала полициясы жұмыс істеп жатыр.

Жарнама
Жарнама

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама