Астанада жеңіл көлік екі автобусқа соғысты

Астанада жеңіл көлік екі автобусқа соғысты Куәгер жіберген сурет

Toyota маркалы же?іл авток?лігі Астананы? сол жа?алауында екі ?о?амды? к?лікпен со?ысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Toyota маркалы жеңіл автокөлігі Астананың сол жағалауында екі қоғамдық көлікпен соғысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Toyota маркалы жеңіл автокөліктің жүргізушісі басқаруды игере алмай, №28 бағытында жүретін қоғамдық автобуспен және №70 бағытында жүретін қоғамдық автобуспен соғысты. Қонаев көшесінде болған бұл оқиға  шамамен 14.30-да болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ, автобустардың бірінің жүргізушісіне медициналық көмек көрсетілді", - деді Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінің басшысы Софья Қылышбекова. 

Куәгер жіберген суреттерден, жол апаты салдарынан бір автобустың аялдаманы соғып кеткенін көруге болады. 

Жарнама
Жарнама

Астана қалақы ІІД мәліметінше, қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тексеру шараларын жүргізіп жатыр, арнайы сараптамалар тағайындалған. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама