Астанада жоғалған 13 жастағы қыз Қарағанды облысынан табылды

Астанада жоғалған 13 жастағы қыз Қарағанды облысынан табылды

Астанада полицейлер жедел іздестіру кешенді шараларын ж?ргізу барысынла жо?ал?ан 13 жаста?ы Альсина ?бдраеваны? ?айда екенін аны?тады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада полицейлер жедел іздестіру кешенді шараларын жүргізу барысынла жоғалған 13 жастағы Альсина Әбдраеваның қайда екенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қызды Қарағанды облысынан тапты. Қыз бұл жаққа достарына автобуспен өз бетімен кетіп қалған. Полицейлер қызды үйіне жеткізіп, ата-анасының қолына тапсырған. Оның жағдайы жақсы. 

"Оған қатысты қандай да бір құқық бұзу әрекеті жасалмаған", - деді Астана қалалық ІІД ресми өкілі Софья Қылышбекова. 

Реклама
Реклама

Бүдан кейін полицейлер бұл отбасыны бақылауға алып, профилактикалық шаралар жүргізеді.

Еске салайық, Альсина 9 қыркүйекте жоғалып кеткен еді. Ол құрбыларымен серуендеуге кетіп, сол бетте оралмаған. Ата-анасы Алматы аудандық ІІБ-ге арыз түсірген. Кәмелетке толмаған қызға бірден іздеу жарияланған.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама