Астанада жоғалған жігіт Қарағандыда жалдамалы пәтерден табылды

Астанада жоғалған жігіт Қарағандыда жалдамалы пәтерден табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"20 тамызда Астана қалалық ІІД жедел уәкілдері Жаманғараевтың Қарағанды қаласындағы жалдамалы баспанада екендігін анықтады. Ол жедел-іздестіру шараларының барысында табылды", - деп хабарлады ІІД өкілдері. 

Полициядағылар іздеуде болған ер адамның Қарағандыдан қалай табылғаны жөнінде және оның туыстарымен неге хабарласпағанын айтпады. "Бастысы тірі, дін-аман. Қазір ол туыстарымен бірге. Оған қатысты заңға қайшы әрекет болмады", - деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Бахтияр Жаманғараевтың жоғалғаны жайлы хабар 10 күн бұрын тараған еді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама