Астанада жол апатына кінәлі полицей жұмыстан босатылды

Астанада жол апатына кінәлі полицей жұмыстан босатылды видеодан үзінді

Астанада мас күйде көлік жүргізген полицей ішкі істер органдарындағы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада мас күйде көлік жүргізген полицей ішкі істер органдарындағы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде видео жарияланған болатын. Онда видео авторы "Орбита" дүкені маңында полиция қызметкерінің мас күйде автокөлік тізгінінде болып, жол-көлік оқиғасына ұшырағаны туралы айтады.

Астана полиция департаментінің өкілдері оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы ("Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасын бұзу, алкогольдік ішімдік ішіп, көлік жүргізу") бойынша әкімшілік хаттама толтырды. 

Реклама
Реклама

"Жол-патрульдік полиция полкінің қызметкері ішкі істер органдарынан теріс қылығы үшін босатылды", - делінген Астана ПД хабарламасында. 

Ескерту, видеода бейәдеп сөздер бар!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама