Астанада жол апатынан соң автобус аялдамаға соқтығысты

Сурет ВКонтакте желісінен.

Астанада автобус та?ы бір ?о?амды? к?лікпен со?ты?ысып, артынша аялдама?а со?ысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. О?и?а орнында т?сірілген сурет BKонтакте желісіндегі пара?шаларды?бірінде жарияланды. 

Астанада автобус тағы бір қоғамдық көлікпен соқтығысып, артынша аялдамаға соғысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға орнында түсірілген сурет BKонтакте желісіндегі парақшалардыңбірінде жарияланды. 

Астана ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Сейфуллин көшесінің бойында болған.  Жол апаты дерегіне қатысты анықтау шаралары жүріп жатыр. 

"18 желтоқсанда шамамен сағат 09:00-де № 26 бағытында жүретін автобустың жүргізушісі "Астаналык базар" аялдамаға тоқтау кезінде № 40 бағытында жүретін автобуспен соғысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 40-шы автобустың кондукторы және 26-шы автобустың жолаушысын жедел-жәрдем ауруханаға алып кетіп, тексерістен кейін үйіне қайтарған", - деді ІІД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Реклама
Реклама

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама