Астанада жол талғамайтын көлік мінген әйел жаяу жүргіншіні қағып кетті

Астанада жол тал?амайтын к?лік мінген ?йел жаяу ж?ргіншіні ?а?ып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалы? ІІД-ні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Астанада жол талғамайтын көлік мінген әйел жаяу жүргіншіні қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасы Қонаев көшесінің бойында шамамен 15.10-да болған. Елордалық полицейлердің айтуынша, 8 қыркүйекте Қонаев көшесінде болған оқиға бойынша тергеу алды тексеріс жүріп жатыр. 

"Land Cruiser Prado жүргізушісі Қонаев көшесінде келе жатып, рұқсат етілген жерде жаяу жүргінші өткеліндегі ер адамды қағып кеткен. Салдарынан жарақат алған 23 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді", - делінген полицейлердің хабарында. 

Реклама
Реклама


Куәгерлер жолдаған сурет

Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай 8 қыркүйекте кешкі уақытта Алматыда болған еді. Жаяу жүргіншіні қаққан жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Ал жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты. Жүргізушіні полиция іздестіріп жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама