Астанада жолға атып шыққан қызды автобус қағып кетті

Сурет "Астана, хочу похвалить/пожаловаться" тобынан

Астанада жолаушылар автобусы жаяу жүргіншілерге арналған жолда қыз баланы қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Астанада жолаушылар автобусы жаяу жүргіншілерге арналған жолда қыз баланы қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оқиға орнында түсірілген суреттер Facebook желісіндегі "Астана, хочу похвалить/пожаловаться" тобында жарияланды. 

Реклама
Реклама

"Астана LRT" ЖШС баспасөз қызметінің өкілдерінің хабарына қарағанда, № 54 автобусы Түркістан көшесімен Алматы көшесіне қарай кетіп бара жатқан. 

"Ол жаяу жүргіншілерге арналған жолға атып шыққан қызды қағып кетті. Оқиға кезінде автобустың жылдамдығы сағатына 29 шақырым болған. Зардап шеккен қыз № 2 қалалық ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнына жеткен жергілікті полиция қызметінің мамандары автобус жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырды", - деді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Компаниядағылардың мәліметінше, автобус жүргізушісі атқарып отырған қызметінен босатылған және "қара тізімге" енген. Бұл дегеніміз осы жүргізуші елордада қоғамдық көлік жүргізбейді деген сөз.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама