Астанадағы автобус жүргізушілерінің арасында болған дау видеоға түсірілді

Астана ?аласыны? т?р?ыны автобус ж?ргізушілеріні? арасында бол?ан дауды видео?а т?сіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана қаласының тұрғыны автобус жүргізушілерінің арасында болған дауды видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеодағы кадрлардан бірнеше адамды көруге болады. Сондай-ақ, онда ер адамның форма киген адамды ұрмақ болғаны байқалады. Осылайша, қоғамдық көлік жүргізушілері арасында дау шыққан.

Реклама
Реклама

Видео авторы басқа автобустың кондукторынан қоғамдық көліктің неліктен жүрмей жатқанын сұрамақ болған. Кондуктор болса әйелдің камера ұстап тұрғанын көре сала "Сіздер не бізді түсіріп жатырсыздар ма?" деп телефонды қолынан тартып алмақ болған.

Сондай-ақ, астаналық қыз полицияға арыз түсіргенін айтып өтті.

Ал қалалық әкімдіктегілер осы оқиғаға қатысы бар қызметкерлердің барлығы тәртіптік кеңестің алдында жауап беретінін хабарлады.

"Оларды маршруттан алып тастады. Тергеу жүргізіліп жатыр. Нәтижесін кейінірек айтамыз", - деп нақтылады Астана қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама