Астанадағы "Гүлжан" сауда орталығының алдында ер адамды соққыға жықты деген күдікті қамауға алынды

видеодан үзінді

26 қазанда кешкі уақытта Астанадағы "Гүлжан" сауда орталығының алдында ер адамды соққыға жықты деген күдікті қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

26 қазанда кешкі уақытта Астанадағы "Гүлжан" сауда орталығының алдында ер адамды соққыға жықты деген күдікті қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Астана қаласының Алматы аудандық №2 аудандық соты "Гүлжан" сауда орталығында ер адамды соққыға жықты деген күдікті екі айға қамау туралы бұлтартпау шарасына санкция берді", - деді Tengrinews.kz тілшісіне Астана қалалық соты баспасөз қызметінің өкілдері. 

Айта кетейік, бірін-бірі танымайтын екі ер адам жанжалдасып, артынша біреуі ауруханаға түскен, ал екіншісі қамауға алынды. Әлеуметтік желіде тараған видеода зардап шеккен адам қан-жоса болып жатыр, жанынан өтіп бара жатқан адамдар оған көкмектеспекші болған. Видеода мынадай сөздер естіледі: "Ол қансырап жатыр", "Жедел жәрдем шақырыңыздар", "Тиіспеңдер оған". 

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Астанада соққы көрген ер адамның қалтасын тіміскілегендерді полиция іздестіріп жатұаны да хабарланған еді. 

Елордалық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Софья Қылышбекованың айтуынша, оқиға туралы хабар кезекші бөлімге 18:00-де түскен. "Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері соққыға жыққан адамның кім екенін анықтап, ұстаған. Ол уақытша қамау изоляторына қамалды. Видеода зардап шеккен адамның қалтасын ақтарған адам мен соққыға жыққан адам екі бөлек болып шықты. Оған іздеу жарияланды", - деді баспасөз қызметінің өкілі. 

Зардап шеккен 1984 жылғы ер адам "ашық түрде миы зақымданған" және "кеудесінен жарақат алған" деген диагнозбен ауруханаға түсті. Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі шаралар ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша жүргізіліп жатыр

Еске салайық, ұсталған адам жанжалдың неден шыққанын айтып берді. Ол көліктен түскен кезде зардап шеккен ер адам мас күйде болған және балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтқан. Ер адам оған дене жарақатын салған. 

Астана ІІД өкілі оқиға барысында ешқандай суық қару болмағанын айтты. Қажетті сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары жүріп жатыр. 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама