Астанадағы KFC асханасында ұры видеоға түсіп қалды

© YouTube

Астананың полициясы KFC асханасына келген әйелдің әмиянын ұрлаған ер адамды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қолданушы Facebook әлеуметтік желісіне видео жүктеп, былай деп жазды: "Кеше, 13.09.2015 күні Астана, Республика даңғылы, 7 үй мекен-жайында орналасқан KFC-де әріптесіміздің әмиянын жасы 30-дардағы ер адам ұрлап алды".

Астана ІІД баспасөз қызметінің өкілдері тілшіге осы дерек бойынша арыз жазылғанын растады. "Ол (жәбірленуші - Авт.) кеше тонау дерегі бойынша арыз жазды. Қазіргі уақытта "Тонау" дерегі бойынша соталды тергеу жүріп жатыр", - деді полициядағылар. Нақтылау мақсатында іс материалдарында әлеуметтік желіге жүктелген видео қолданылады.

Реклама
Реклама

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама