Астанадағы "Нұрлы жол" вокзалында болған төтенше жағдайдың видеосы жарияланды

Астанадағы "Нұрлы жол" вокзалында болған төтенше жағдайдың видеосы жарияланды Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желілерде Астанадағы "Нұрлы жол" вокзалында болған төтенше жағдайдың видеосы таралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Instagram желісіндегі kris_p_brothers парақшасында жарияланды. Видеодан BMW жүргізушісінің вокзалдың шыныдан жасалған конструкциясын қиратып жатқаны түсірілген.

Жарнама
Жарнама

Елордалық полицейлер осы деректі әкімшілік өндіріске алды. Көлік айыппұл тұрағына жіберілді.

"Қазақстан Темір жолы" ҰҚ АҚ өкілдері жүргізушінің шыныдан жасалған конструкцияларды және вокзал кешеніндегі эскалаторлық жабдықтауды бүлдіргенін хабарлады. Мамандар келтірілген шығынды есептеп жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама