Астанадағы автобус апатында аяғынан айырылған қыз үйіне шығарылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz, қыздың анасы ұсынған

Астанада автобус апаты салдарынан аяғынан айырылған қыз оңалту орталығынан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада автобус апаты салдарынан аяғынан айырылған қыз оңалту орталығынан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz тілшісі 7 жастағы Алуа Бекеннің анасымен сөйлесіп, баланың жағдайы мен протез қоюға дайындық барысы туралы білді.

"Қазір бәрі жақсы. 18 шілдеде бізді оңалту орталығынан шығарды. Қазір демалып жатырмыз. Жақында протездермен айналысуды бастаймыз, оңалтудан басқа жерде өтеміз", – деді қыздың анасы.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, жақын арада Алуаға протез орнатуға дайындық басталады. Қыздың эмоционалдық жағдайы да тұрақты.

"Қызымның жағдайы жақсы, өзін қалыпты сезінеді. Бізге алты айға (оңалту кезеңінде – еск.) төрт бөлмелі пәтер берілді. Бізге пәтер сыйға тартылды, бірақ оның құрылысы қазанда аяқталады", – деп қосты анасы.

Еске салайық, Астанада автобус жол бойындағы бағанаға соғылған болатын. Жол-көлік оқиғасы Республика даңғылында болған.

Оқиға салдарынан 10 адамның зардап шеккені хабарланды. Олар елорданың түрлі стационарларына жеткізілген. Екі адам Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына жатқызылды.

Апат сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған: видеода автобус Республика даңғылымен баяу жүріп келе жатып, бағанаға соғылғаны көрінеді.

Кейін жол апатында зардап шеккендердің бірі – 8 жастағы қызға ампутация жасалғаны туралы ақпарат пайда болды. Жедел жәрдем бригадалары жалпы 15 адамды ауруханаларға жеткізген. Үшеуі ауруханаға жатқызылып, қалғандары үйлеріне жіберілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама