ПОДЕЛИТЬСЯ
30 қазан 2023 | 10:00
Астанадағы блэкаут: әкім тұрғындарға үндеу жасады
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елорда тұрғындарына үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елорда тұрғындарына үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бірқатар шағын аудандарда апатқа байланысты желілерде электр қуаты жоқ. Барлық төтенше жағдайлар және коммуналдық қызметтер апатты жою үшін жұмыс істеп жатыр.
Шахмат тәртібінде электр қуатына қайта қосылу жүріп жатыр: ішінара Оңтүстік-Шығыс, Мыңжылдық аллеясы, бірқатар тұрғын елді мекендері және т.б. Жақын арада барлық басқа учаскелер электр қуатына қосылатын болады.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деді Жеңіс Қасымбек.
Еске салайық, ЖЭО-2-дегі қысқа тұйықталу салдарынан Астананың бірнеше ауданы жарықсыз қалды. Сондай-ақ, елорда тұрғындары су, жылу және ұялы байланыстағы ақаулар туралы хабарлады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также