ПОДЕЛИТЬСЯ
07 наурыз 2021 | 15:00
Астанадағы ғимараттағы "аниме" қазақстандықтардың ашуына тиді
Қазақстан темір жолы ғимаратындағы "аниме" стиліндегі құттықтау қазақстандықтардың ашуына тиді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан темір жолы ғимаратындағы "аниме" стиліндегі құттықтау қазақстандықтардың ашуына тиді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚТЖ-ның Instagram желісіндегі парақшасында ерекше құттықтау пайда болған. Видео Instagram және Telegram-дағы түрлі топта тарап кеткен. Сонымен қатар, ролик ҚТЖ ғимаратында көрсетілді, ол "аниме" стилінде жасалған. Желі қолданушылары видеоның астарында сексуалдық мән жатыр деп топшылаған.
ҚТЖ баспасөз хатшысы Абзал Нұрқасымов ұлттық компания қызметкерлері видео арқылы әйел адамдарды мейрамымен құттықтағысы келгенін айтады.
"Біз осылайша сұлу да батыл теміржолшыларды ерекше құттықтағымыз келді. Егер ролик әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, оны бүкіл ел талқылап, БАҚ өкілдері жазса, демек ол біздің қолымыздан келгені.
Иә, әлеуметтік желіде түрлі пікір жазылып жатыр, оның ішінде жақсысы да бар. Теміржолда жұмыс істейтін әйелдер қауымына біздің құттықтауымыз ұнады", - дейді Нұрқасымов.
Оның айтуынша, бұл роликті дайындауға қаржы жұмсалмаған.
"Бұл роликті дайындап, оның үлкен экранда жариялануына компания бірде-бір тиын жұмсаған жоқ. ҚТЖ PR-қызметі құттықтау ролигін өз күшімен, "ҚТЖ" ҰҚ қолдауымен дайындады", - деді компанияның баспасөз қызметкері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также