01 тамыз 2023 | 09:53

Астанадағы қоқыс үйінділері: 130-дан аса құрылыс компаниясы жазаланды

Дина Шарипханова Корреспондент

Қаланың санитарлық жағдайын жақсарту және түрлі қоқыс үйінділерінің пайда болуын болдырмау мақсатында Полиция департаменті бірыңғай анықтамалық қызметпен бірлесіп, абаттандыру ережелерін бұзу деректерін анықтау бойынша жұмыс жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қаланың санитарлық жағдайын жақсарту және түрлі қоқыс үйінділерінің пайда болуын болдырмау мақсатында Полиция департаменті бірыңғай анықтамалық қызметпен бірлесіп, абаттандыру ережелерін бұзу деректерін анықтау бойынша жұмыс жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жеті ай ішінде 1 721 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған, оның ішінде 134 құрылыс компаниясы мен 89 қызмет көрсететін ұйым бар. Айыппұлдардың жалпы сомасы 19 миллион теңгеден асады.

"Бұдан басқа, белгіленбеген жерлерге қоқысты тастап кететін адамдарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері 240 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 6 миллион теңгеден аса айыппұл салынды. Сондай-ақ, 33 жүргізуші топырақ, қоқыс, сусымалы құрылыс және басқа да материалдарды жабынсыз тасымалдағаны үшін жауапқа тартылды", – деді полиция өкілдері.

Реклама
Реклама

Рейдтік іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары қала аумағына құрылыс қоқыстарын тастаған 39 жастағы КамАЗ жүргізушісін анықтады. Ер адамға 30 АЕК (103 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салынған.

Айта кетейік, Астанада жүк көліктеріне арналған коммуналдық тұрақ ашылды. Бүгінде онда әртүрлі құқық бұзушылықтары бар 12 жүк көлігі қойылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная