Астанадағы көпірде Toyota Land Cruiser аударылып, жүргізуші мерт болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Куәгерлер түсірген сурет

Астанада жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Land Cruiser автокөлігін тізгіндеген жүргізуші қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Land Cruiser автокөлігін тізгіндеген жүргізуші қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай сейсенбі, 1 шілдеде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 24 жастағы жүргізуші Toyota Land Cruiser маркалы көлікпен "Арыс" көпіріне қарай бара жатып тізгінге ие бола алмай қалған. Соның салдарынан көлік аударылып, қарсы бағытқа шығып кетіп, тағы екі автокөлікпен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды.

Реклама
Реклама

Полиция барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға және жолда аса мұқият болуға шақырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама