Астанадағы сауда орталығында сәбиді құтқару сәті видеоға түсіп қалды

видео кадры

Желіде Астанадағы сауда орталықтарының бірінде құтқарылған баланың видеосы қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде Астанадағы сауда орталықтарының бірінде құтқарылған баланың видеосы қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Zhaloby_astana Instagram-парақшасында көрермендердің назарын бірден аударған бейне жарияланды. Кадрларда ер адамның эскалатор жақтауында ілулі тұрған баланы құтқару үшін эскалатормен жоғары жүгіріп бара жатқанын көруге болады. Белгісіз адам баланы соңғы секундта ұстап алады, осылайша оны құлап кетуден құтқарады.

"Ата-аналар, эскалаторларда балаларыңызды қадағалаңыз. Бақытымызға орай, ер адам тез әрекет етті", - делінген мәтінде.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, баланы құтқарған адам туралы әзірге ештеңе белгісіз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама