23 маусым 2024 | 10:06

Астанадағы тұрғын үй кешеніндегі өрттің алдын ала себебі белгілі болды

Tengrinews.kz

Астанадағы тұрғын үй кешеніндегі өрттің алдын ала себебі белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы тұрғын үй кешеніндегі өрттің алдын ала себебі белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ТЖМ баспасөз қызметі мәліметінше, өрт кеше 250 шаршы метр алаңда ауыздықтылған.

"Өрттің алдын ала себебі: отпен жұмыс істеу немесе оттың аз калориялы көздері. 2-қабаттан 27-қабатқа дейін тұрғын үй кешенінің сыртқы қаптамасы мен жылытқышы жанды", - деп жазылған хабарламада.

Реклама
Реклама

Өрт кезінде өртсөндірушілердің күшімен 12 адам эвакуацияланды, оның ішінде жетеуі - бала. 2 адам құтқарылды, оның ішінде біреуі - бала.

Өртті сөндіруге 20 техника мен ҚР ТЖМ 91 құтқарушысы жұмылдырылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Астанада "Хан Шатыр" ауданындағы ғимараттан өрт шыққаны хабарланды. Кешке жақын өрт сөндірілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram