Елордадағы тұрғын үйлердің бірінде тұрғындар лифт ішінде қамалып, байланыссыз қалған. Оқиғаның видеосы желіде тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видео авторының айтуынша, оқиға кезінде лифт кабинасында мобильді байланыс та, интернет те болмаған. Салдарынан ондағы адамдар көмек шақыра алмаған.
Кадрларда оқиға орнына келген маман адамдарды лифтіден шығарып жатқан сәт көрсетілген.
Астана ТЖД Tengrinews.kz тілшісіне берген мәлімет бойынша, оқиға 28 қыркүйекте Төлебаев көшесі, 5 мекенжайында болған.
"112 пультіне адамдардың лифт ішінде қалып қойғаны туралы хабар түсті. Диспетчерлер жедел түрде "109" қызметін хабардар етіп, оқиға орнына лифт компаниясы жіберілгенін айтты. ТЖД-ның күштері мен құралдары тартылған жоқ", – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!